Суббота, 20.04.2024, 04:03Приветствую Вас Гость | RSS
RU   KZ
"Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" ШЖҚ "Жаркент перзетханасы" МКК

Официальный интернет-ресурс
Служба поддержки пациентов 8 (72831) 9-63-11
Главная | Науқастардың құқы | Регистрация | Вход
» Меню сайта

» Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Науқастардың құқы

Науқастар мына төмендегі құқықтарға ие:

1.Диагностика процестеріне, емдеуге, күтім жасауға лайықты қарым-қатынасқа,  өзінің мәдени және жекебастық құндылықтарына құрметпен қарауға;

2.Медициналық критерилер негізінде  анықталып ,ешқандайда бір кемсітушілік факторларға жол берілмей емдеуге белгіленген кезекпен медициналық көмек алуға;

3. Дәрігерді немесе емдеу ұйымын ауыстыруға, таңдауға;

4.Отбасы, туған-туысқандары, достары, сондайақ діни бірлестіктердің қызметшілері тарапынан қолдау көруге;

5. Іс жүзіндегі медициналық технология деңгейі жететін ауру зардаптарын жеңілдетуге;

6. Өзінің денсаулығы жөнінде тәуелсіз пікір алуға  және консилиум өткізуге;

7.Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған, басқа да құқықтарды пайдалануға;

8.Науқас өзінің құқы мен міндеттері,көрсетілетін қызметтер, төлемді қызметтердің бағасы,сонымен бірге қызметтердің көрсетілу тәртібі жайында хабардар болуға құқылы. Науқастың құқы жөніндегі деректер  медициналық ұйымның көрінекі үгіт материялдары қойылған жерге жазылып ілінуі тиіс;

9.Медициналық ұйымға келген кезден бастап науқасқа оған медициналық қызмет көрсететіндердің аты-жөні, кәсіби дәрежесі жайында деректер беріледі және де медициналық ұйымның ішкі күн тәртібінің ережесі түсіндіріледі;

10. Медициналық көмек науқасқа ауызша немесе жазбаша хабарланып науқас оған келісімін бергеннен кейін ғана көрсетіледі;

11.Медициналық көмек алу кезінде науқас өзінің денсаулығы жөнінде толық хабардар болуы тиіс. Оның ішінде емделуде кезігетін тәуекелді тұстар, көмек кезінде қолданылатын тәсілдер мен олардың баламалары, емдеуден бас тартқанда болуы мүмкін зардаптар, диагнозы, келешегі жайында хабарлама және науқасқа қолжетімді емдеу шараларының жоспары,сонымен бірге үйге қайтарылу себептері немесе басқа емдеу ұйымдарына не себепті ауыстырылғалы отырылғандығы айтылады.

12.Денсаулық жағдайы туралы хабарлауға болатын адамды науқас  тағайындай алады.Хабарлама алудан  науқастың бас тартуы жазбаша толтырылып медициналық құжаттамаға енгізіледі.

13. Денсаулығы жайындағы хабарлама науқастан тек қана оның денсаулығы жағадайндағы хабарлама ауруын жеңілдетпей керісінше зиянын тигізетін болса ғана жасырылады. Мұндай жағдайда аталмыш хабарлама науқастың  жарына, ең жақын туыстарына немесе заңды өкіліне хабарланады.

14.Денсаулықсақтау маңындағы ұйымдардың базаларындағы клиникалық жағдайларда медициналық көмек алатын науқастар оқыту процестерінен , сондай-ақ  емдеу-диагностикалық процедураларды жүргізу кезінде үшінші бір адамның қатысуынан бас тарта алады;

15.Науқастардың құқы денсаулықсақтау органдарының, ұйымдарының, сонымен бірге  өздерінің өкілеттілігі шеңберінде қоғамдық бірлестіктер тарапынан қорғалады.

16.Медициналық көмек алған кезде науқас өзін емдеуге тағайындалған дәрілік заттар жөнінде толықтай хабардар болуға құқылы.

17. Некеге тұрған азаматтар медициналық және медико-генетикалық  тексерулерден өтуге құқылы.

Науқастардың міндеттері

Науқас міндетті:

 

  1. Өзінің денсаулығын сақтауға және нығайтуға шара қолдануға;
  2. Медициналық қызметкерлермен жақсы қарым-қатынас жасауға, сыйласуға, адал болуға;
  3. Диагнозын дұрыс қою және емдеу  үшін дәрігерге қажетті барлық ақпараттарды беруге, медициналық әрекетке келісімін бергеннен кейін емдеуші дәрігердің талаптарын бұлжытпай орындауға;
  4. Аурухананың ішкі күн тәртібін қатаң сақтауға, медициналық ұйымның мүлкіне үнемділікпен қарауға, медициналық көмек алған кезде медицина қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеуге;
  5. Диагностика процесі және ем қабылдау кезінде өз денсаулығындағы өзгерістерді, сондай-ақ  айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың пайда болғандығын медицина қызметкерлеріне уақытылы айтуға;
  6. Басқа науқастардың құқын бұзатын іс-әрекеттерге бармауға;

Ескерту:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (29 бап)
  2. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» Кодексі ( 2012 жылдың 13.02 жағдай бойынша өзгертулер мен толықтырулармен)

«Науқастардың құқы мен міндеттері»

91бап.Науқастардың құқылары

92 бап. Науқастардың міндеттері

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» (2012 ж.13.02. жағдай бойынша өзгертулермен және толықтырулармен)

» Вход на сайт

» Поиск

» Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

» Архив записей


Copyright MyCorp © 2024
uCoz